+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Төрағасын қабылдады

2020 жылғы 15 қаңтар 19:41
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Төрағасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа былтыр күзде өткен кеңес барысында берілген тапсырмалардың «Nur Otan» партиясы фракциясының орындауы жөнінде мәлімет берілді.

Елбасы депутаттардың азаматтардың сұраныстарына уақытылы жауап беру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, етене жұмыс жасау қажет. Бұл – партияның, сондай-ақ барлық деңгейдегі депутаттардың міндеті. Біздің ортақ парызымыз», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық өсімге қол жеткізу, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

«Алдымызда ел экономикасының өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Осы орайда Парламент пен партия бірлесе жұмыс атқаруға тиіс», - деді Елбасы.

Сонымен бірге, Н. Назарбаев Парламенттің рөлін арттыру мәселесіне назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Үкіметті қалыптастыруда Парламент негізгі рөл атқаруға тиіс. Заңдар мен бағдарламаларды бірге қабылдап, халыққа бірлесе есеп бергені абзал», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Елбасына Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапарларының қорытындылары және Парламенттің төменгі палатасының заң шығару қызметі туралы ақпарат ұсынды.

«Осы жылдың бесінші қаңтарынан бастап депутаттар, оның ішінде фракция депутаттары еліміздің барлық өңірлерін, шалғайда жатқан елді мекендерді аралап шықты. Бұл күндері депуттар жұртшылықпен шамамен бір жарым мың кездесу өткізді. Онда көптеген мәселелер көтерілді. Соның ішінде, әлеуметтік көмектің жаңа форматы, жаңа Денсаулық сақтау кодексі, халықты жұмыспен қамту мәселелері қозғалды. Алдағы заң шығару ісінде тұрғындардың барлық пікірлері мен ұсыныстары ескеріледі. Жалпы өткен жылдың қыркүйек айынан бері Мәжіліс қарауына 97 заң жобасы енгізілді. Оның 37-сі қолдау тауып, Парламент Сенатына жолданды», - деді Мәжіліс Төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT