Нұрсұлтан Назарбаев парасатты шешім қабылдады - әзербайжандық сарапшы

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев парасатты шешім қабылдады, деп есептейді әзербайжандық саясаттанушы, «Атлас» саяси зерттеулер орталығының басшысы Эльхан Шахиноглу. Бұл туралы ҚазАқпараттың Әзербайжандағы меншікті тілшісі хабарлады.

«Мол тәжірибесі бар Назарбаев Президент ретінде Қазақстанды 1991 жылдан бері басқарды және осы жылдар ішінде республика қуатты экономикасы мен энергетикалық секторы бар мықты елге айналды», - деді Э.Шахиноглу.

Сондай-ақ, ол: «Жаңа елорда Астана - Нұрсұлтан Назарбаевтың тумасы. Көптегене адамдар жазық даланың ортасындағы қаланың заманауи мегаполиске айналатынына сенбеген еді, бірақ ол өз дегенін орындап, жаңа қала тұрғызды», - деп атап өтті.

«Н.Назарбаевтың сыртқы саясаты кемел болды, оны сол үшін көптеген елдер құрметтеді және құрметтей береді. Ол тәжірибелі саясаткер ретінде Ресеймен, АҚШ-пен, Қытаймен және Еуропамен Қазақстанның экономикалық және геосаяси мүддесінің негізінде қарым-қатынас орнатты», - деп атап өтті саясаттанушы.

«Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт көшбасшысы болып қала береді. Бұл дегеніміз - ол елдің көшбасшысы бола береді. Ол түркітілдес елдердің интеграциясы үшін көп іс тындырды. Оның саясатын Әзербайжан қатты бағалайды және құрметтейді. Ол Қазақстанды басқарған жылдары екі ел арасында стратегиялық қарым-қатынас орнап, өңірлік жобалар жүзеге асып жатыр», - деп түйіндеді сарапшы.

Автор: Бекбау Тайманов

Соңғы жаңалықтар