Нұрсұлтан Назарбаев: Пандемия кезінде ЕАЭО елдері протекционистік дүрбелеңге жол берген жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде ЖЕЭК отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жыл жағымсыз жайларға толы болды. Пандемия мен экономикалық дағдарыстың салдары айқын байқалды. Беларусьтегі сайлаудың күрделі жағдайды өтуі, Арменияда болған оқиғалар – осының бәрін көріп-біліп, уайымдап отырдық. Мұның бәрі де артта қалды деген үміттеміз. Пандемияның өзі дағдарыс уақытындағы мемлекеттің маңызды рөлін көрсетіп берді. Мемлекеттік реттеудің шұғыл шараларының арқасында біз пандемияның жағымсыз салдарынан, экономикалық белсенділіктің құлдырауынан, адам капиталын жоғалту қаупінен айналып өттік. Тек мемлекеттік қолдау ғана ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етті», - деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыста.

Елбасы экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің кооперациясының деңгейі жоғарылығы байқалғанын, пандемиямен күрес аясында мемлекеттер бір-біріне гуманитарлық көмек жібергенін жеткізді.

«ЕАЭО аумағында коронавирус инфекциясының одан ары таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен шаралар жоспары әзірленді. Осы ретте өз одақтастарына әрдайым көмек көрсетіп келе жатқан Ресейдің рөлін ерекше атап өткім келеді. Бұл көмек пандемия уақытында ерекше байқалды. Пандемия кезінде біз иықтасып тұрып бір-бірімізге көмектестік. Ресей осы елдердің ішінде бірінші болып коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп, экономикалық одақтағы мемлекеттерге ұсынды. Онымен қоса ЕАЭО елдері протекционистік дүрбелеңге жол бермеді, бір-біріне экономикалық тұрғыда теріс әрекет еткен жоқ. Бұл – біздің интеграция бағытындағы бағдарымыз дұрыс екенін көрсетеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.








Соңғы жаңалықтар