+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев орталығы Ватикандағы Папа Кеңесімен меморандумға қол қойды

2020 жылғы 16 қазан 14:50
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев орталығы Ватикандағы Папа Кеңесімен меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ватикан арасындағы байланыстар мен сенімнің тереңдеуіне, сондай-ақ одан әрі сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету мақсатында 15 қазанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы басқармасының төрағасы – Алтай Әбибуллаев пен Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңесінің президенті (Ватикан) – кардинал Miguel Ángel Ayuso Guixot (онлайн режимінде) алғаш рет өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рим Папасы Иоанн Павел II мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің әртүрлі діндердің, мәдениеттер мен тілдердің өкілдері болуымызға қарамастан, бауырларымыз бен қарындастарымызды біртұтас адамзатқа біріктіретін мықты диалог құрды. Сондықтан, мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығын ойдағыдай басқарған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға да құрметімді білдіргім келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев діндер мен мәдениетаралық диалогты ілгерілету бойынша үлкен жұмыс жасады», – деді Кардинал Miguel Ángel Ayuso Guixot.

Меморандум тараптардың «Бейбітшілік пен бірлесіп өмір сүру мақсатындағы адамзаттық бауырластық туралы құжатты» қолдауын, сондай-ақ мәдениеттер, этностар мен діндердің өзара түсіністігі мен келісімі бойынша жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру үшін «Диалог жөніндегі бірлескен комитет» құруды, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бастамаларын, бітімгершілік принциптері, теңдік және төзімділікті өзара қолдау мен ілгерілетуді мақсат етеді.

Айта кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастыру идеясын алғашқылардың бірі болып католик шіркеуінің өкілдері қолдаған болатын.

2001 жылдың 22-25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы Иоанн Павел II-нің Қазақстанға тарихи сапары өтті, бұл елдегі және тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастықта діндер мен конфессияаралық қатынастарды дамытуда үлкен қоғамдық-саяси резонанс тудырды.

Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңес – католиктер мен басқа діндерді ұстанушылар арасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған конфессияаралық диалогты насихаттау жөніндегі Рим-католик шіркеуінің орталық мекемесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT