Нұрсұлтан Назарбаев нұротандықтарды Мәжіліс сайлауына дайындықты белсенді жүргізуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев партия өкілдеріне Мәжіліс сайлауына дайындықты белсенді жүргізуге шақырды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы өкілдеріне Конституцияда көрсетілген мерзімде өтетін Мәжіліс сайлауына дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды»,-деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Айдос Үкібай осыған дейін желіде «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы басталғандығын жазған болатын.


Соңғы жаңалықтар