Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының негізгі жұмыстарын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының жобалары нәтижелі болуы керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ірі саяси «Nur Otan» партиясының Төрағасы қызметін жалғастыратынына тоқталған Елбасы, «Nur Otan» партиясын ары қарай елді дамыту стратегиясы айналасына қоғамның барлық топтарын біріктіруді жалғастыруы керек. Бұл бағыттағы қадамдар елдің игілігіне бағытталған. Жаңғырту шараларынан әрбір қазақстандық оңтайлық нәтижені сезінуіне күш-жігерімізді салуымыз керек. Оның ішінде «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі», «Халыққа көмек» секілді партиялық жобаларды жүзеге асыру аясында жұмысты жалғастыру қажет», - деді.

Н. Назарбаев бұл бастамалар сөз жүзінде қалмауы керектігін тапсырды.

«Партияның барлық ұйымдары жергілікті жерлерде осы белгіленген бағдарламаларды қолға алып, халықтың ішінде жұмыс істеп, осыдан нәтижені көрсетуі керек», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр. Елбасы өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері екенін атап өтті.

Елбасы халықтың әл-ауқатының игілігіне жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар