Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауға қатысты тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидатты қолдауға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге үлкен жұмысты атқару қажет. Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді. «Nur Otan» партиясына белсенді әрі сенімді сайлау науқанын өткізу керек. Алдымен республикалық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бізде ол жағынан тәжірибе бар. Оны қалай ұйымдастыру қажеттігін білеміз. Меніңше, біз ол жұмысты абыроймен атқарып шығамыз», - деді Н.Назарбаев партияның кезектен тыс XIX съезінде.

Елбасының айтуынша, сенімді адамдардың қатарына танымал қоғам қайраткерлері кіруі керек. Ал үгіт-насихат жұмыстары кезінде жаңа коммуникация құралдары мен саяси технологияларды қолданған дұрыс. Осы орайда шетелдік тәжірибені де зерделеп шыққан жөн.

«Еліміздің басқа да аймақтарында тиісті штабтар жұмыс істейтін болады. Кандидатымызды қолдау үшін қысқа уақыттың ішінде қажетті дауысты жинау керек. Партияның барлық ресурстарын сайлау науқанына салу қажет. Осы жұмысқа барлық филиалдар атсалысуы тиіс. Саяси кеңестің мүшелері де, бюро қызметкерлері де тыс қалмауы қажет. Дәл осы уақытта бізге саяси кеңестің әлеуетін барынша пайдаланған жөн. Халықпен кездесу керек. Бағдарламамыздың негізгі міндеттерін түсіндіру керек. Дұрыс таңдау жасауға үндеуіміз керек», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар