+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев министрлер мен әкімдерді проблемаларды жасырмауға шақырды

2019 жылғы 21 тамыз 14:33
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев министрлер мен әкімдерді проблемаларды жасырмауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдер мен министрлер орын алған проблемаларға қатысты халық алдына шығып, жауап беруден қорықпауы керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында «Nur otan» жұмысын жандандыру жоспары құрылды Түркістанда «Менің туым, менің Отаным!» атты патриоттық акция өтті Nur Otan партиясының Алматы филиалында қайта жаңғырту барысы талқыланды

«Меніңше, орын алып отырған проблема жайында үндемей қалу – жұмыстың ең нашар нұсқасы. Адамдардан тығылмай мән-жайды анықтап, жауапкершілікті мойынға алу керек. Бізде халыққа шығып, бұл сұрақтарға жауап беруден қорықпайтын, проблемаларды шешетін әкімдер де, министрлер де бар. Бердібек Мәшбекұлы (ҚР Үкімет басшысының орынбасары Сапарбаев), вице-премьер болып тағайындалуыңмен құттықтаймын. Баяғыдан бері осы жер сенің орның еді. Төрт облыста әкім болдың. Соның бәрін көрдің. Бастаған кезде халықтың арасында жүрдік сол уақытта. Елмен сөйлесіп жүрдік. Айтқанымызды ел түсініп жүрді», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасы шағын проблемаларды жедел шешу қажеттігіне назар аударды.

«Адамдарды өміріндегі ең кішкентай мәселелер толғандырады. Мәселен, су жоқ. Бұл әкім үшін деңгей емес қой, иә? Сумен айналысудың қажеті қанша? Ал адамдар үшін – бұл өмірінің мәні. Ауылда жол жоқ. Бұл ол үшін – өмірі, ал біздер үшін – болмашы нәрсе. Біздер жаһандық мәселелерге құлаш сермейміз. Сондықтан адамдарға жақын болу керек. Партияның қоғамдық қабылдаулары жұмыс істеуі тиіс», - деді Н.Назарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT