Нұрсұлтан Назарбаев: Мемлекеттік қарызды азайту керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министріне мемлекеттік қарызды азайтуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы жиын барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев пен Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа аталған бағыттағы жұмыстарды бақылауға алуды жүктеді.

«Мемлекеттік қарызды бір деңгейде ұстау керек. Осы бағыттағы жағдайды қадағалап. Қарызды ұлғайтпай, керісінше оны кемітудің қадамдарын Үкіметің табысымен орайластырып отыру қажет. Әртүрлі жағдайлар болады, сондықтан қажетті мүмкіндіктер болуы шарт. Кейінгі кезде құрылысқа, жолдарға біраз көбірек алып жібердік», - деді Елбасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қаратып айтқан сөзінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен ел Үкіметінің кеңейтілген мәжілісі өтіп жатыр.  

Отырыс барысында Үкімет басшысының, бірқатар министрлердің, облыс әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар