Нұрсұлтан Назарбаев мәслихаттың сайлауалды партиялық тізіміне кімдер кіруі тиістігін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәслихаттың сайлауалды партиялық тізімінің кемінде 30 пайызы әйелдерден жасақталуы тиіс.

Бұл туралы Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы сапалы партиялық тізім қалыптастыру үшін ашық партияішілік іріктеу жүргізу маңыздылығына айрықша назар аударды.

«Әрбір мәслихаттың сайлауалды партиялық тізіміне кемінде 30 пайыз әйел және 35 жасқа дейін 20 пайыз жас адамдар қосылуы тиіс. Сонымен қатар тізімге халықтың түрлі санатының өкілдері, Отанына оралған қандастарымыз, мүмкіндігі шектеулі адамдар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері кіруі тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Партия төрағасы сонымен қатар жергілікті жерлерде партиялық органдардың жұмысын күшейту және ел өңірлерінде партияның шоғырландырушы рөлін арттыру қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар