Нұрсұлтан Назарбаев: Мәселе жұмыссыздықта емес, мамандық игеруде жатыр

None
None
ШАМАЛҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы Шамалғанда ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жерлестерімен кездесу барысында елдің әлеуметтік жағдайына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның болашағы зор. Елімізде жастардың оқуына, тіл үйренуіне толық жағдай жасалып жатыр. Болашағымыз білім мен ғылымда. Сіздер ауылдың адамдарысыздар. Ауыл үшін талай бағдарлама жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Ауыл тұрғындарына шағын несиелер ұсынылып, жұмыс істеймін дегендерге, мамандығы жоқтарға заманға сай мамандық игеруге мүмкіндік берілген. Қазір мәселе жұмысыздықта емес, мамандықты дұрыс игермеуде жатыр. Мамандығы бар адам жұмысты кез келген жерден таба алады», - деді ол.

Еске салсақ, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға келді.

Соңғы жаңалықтар