Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшудің маңызын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік мәдениетпен бірігу үшін қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру маңызды. Бұл туралы бүгін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде орын алып жатқан оқиғалар тұрғысында Қазақстан этносаралық келісім мен толеранттылықтың табысты үлгісі ретінде қызмет ете алады. Әлемдік мәдениетпен бірігу үшін қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен ауыстыру маңызды», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы арқылы мемлекет қаражаты есебінен бірнеше мың жас әлемнің үздік университеттерінде білім алғанын және ондаған мың жас елге оралып, ел игілігі үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Қазақстанда әлемдік деңгейдегі бірқатар университет құрылды. Бұл жұмыстардың барлығы білімге және қазіргі заманғы күрделі жағдайда қазақстандық ұлттың бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталған», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар