Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қытай дипломаты Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы сәуірде Бейжің қаласында өтетін «Бір белдеу, бір жол» атты ІІ халықаралық ынтымақтастық форумына шақыруын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар