Нұрсұлтан Назарбаев КСРО үкіметін басқару ұсынысынан қалай бас тартқанын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық конференцияда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің КСРО Үкіметін басқару туралы ұсыныстан қалай бас тартқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сол кездегі беделді басшылар Горбачев пен Ельцин 1990 жылдардың басында маған КСРО премьер-министрі болуды ұсынған болатын. Әлі күнге ойланамын - олай болса Қазақстанның өмірі қалай болар еді? Сол кезде мен өмірімдегі ең маңызды шешімді қабылдадым. Сол уақыттан бастап менің басты міндетім - туған Қазақстанымның тағдыры болды», - деп есіне алды Елбасы.

Тұңғыш Президенттің сөзінше, сол жылдары саясаткер ретінде стратегиялық ойлаудың маңызын алғаш рет түсінген.

«Осы алмағайып заманда кемемді қай жағалауға жеткізсем деген үлкен таңдау алдында тұрдым. Қазір сол қиындықтарды қалай шешкенімді айтсам деп отырмын», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар