USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды

2021 жылғы 28 сәуір 16:40
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымынан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО сотына жаңа төраға тағайындалды СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды

Сессияны қорытындылай келе Елбасы ҚХА төрағасы лауазымын елдің іс басындағы Президенті атқаруы тиістігін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға, Ассамблея туралы заңға сәйкес маған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Жалпы, мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын әрі одан бас та тартпаймын. Дегенмен, Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің Президентіне жүктелген. Тіпті, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT