+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев келешегі жоқ ауылдар туралы айтты

2019 жылғы 21 тамыз 15:19
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев келешегі жоқ ауылдар туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Болашағы жоқ ауылдардың тұрғындарын келешегі зор елді мекендерге көшіру қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артты  - Асқар Мамин Дәленов: 7 млн адам тұратын 3 477 ауыл жаңғыртылады СҚО ауылдарындағы үйлерге ауызсу тартылды

«Үлкен бюджет қаражаты келешегі жоқ елді мекендерді ұстауға жұмсалады. Іс жүзінде олар тоғышарлар. Бізде 7,7 мың елді мекеннің бар екенін, оның 1,8 мыңының келешегі зор екендігін, соларға назар аудару қажеттігін айтқан болатынбыз. Біздің даламыз өте үлкен, кең. Ана төбенің түбінде бір ауыл бар, ол жерде 10 үй бар. Мынау төбенің астында 50 үйлі бір ауыл бар. Қайсысына біз жол апарамыз, қайсына мектеп, аурухана саламыз? Айтыңыздаршы, 10 үй үшін аурухана немесе мектеп салуымыз керек пе? Бұл өнімсіз», - деді Елбасы.

Осы ретте, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Австралия мен Канаданың да жер көлемі үлкен екендігін еске салды.

«Біз орталық бойынша дамимыз. Бұл ешқандай жағдай жасалмайды дегенді білдірмейді. Кеше Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысы – Мамин) біз осы бағытта жұмыс істеп жатқанымызды баяндады. Оларды келешегі бар өңірлерге көшіру қажет. Ол жерлерде мектеп, аурухана салынып, жол түседі, инфрақұрылым жасалады», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының пайымынша, бұл мемлекетке арзанға түседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT