Нұрсұлтан Назарбаев Қазандағы өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасына жұмыс сапары барысында Қазан қаласында өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне кеме және машина жасау, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы кәсіпорындардың өнімі көрсетілді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық тұрғыдан таза және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын көлік техникасының үлгілерімен танысты. 

Соңғы жаңалықтар