+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген жеңімпаздармен кездесті

2017 жылғы 1 желтоқсан 16:18
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген жеңімпаздармен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жалпыхалықтық дауыс беру арқылы анықталған 102 жеңімпазды елордадағы ең көрікті мейрамханалардың бірінде ел Президентінің өзі келіп құттықтады. Қазақстанның туын биікке көтерген спортшылар мен ақ халатты дәрігерлер, меценаттықпен көзге түскен белді кәсіпкерлер мен ғалымдар, мәдениет пен қоғамдық салада ел аузында жүрген азаматтар Елбасының жылы лебізіне бөленді.

«Осы жиынға келгендеріңіз үшін қуаныштымын. Мен үшін екі туған күн бар. Біріншісі, өздеріңіз білетіндей, өзім туған - 6 шілде. Екінші туған күнім - 1 желтоқсан. Бұл - қазақ елі бүкіл халық болып, тұңғыш рет Қазақстан халқы Президентін сайлаған кез. Сол сынға түсіп, тұңғыш рет 90 пайыздан астам дауысқа ие болдым, содан бері 26 жыл өтті. Сіздердің барлықтарыңыз да жассыздар. Сол кезең мен қазіргі кезең екі бөлек. 26 жылда көптеген дүние өзгерді. Сол кезеңде өмірге келген бала 26 жаста ғана. Бұл жұмысқа кірісуде ең жақсы кезең», - деді Президент.

Еске сала кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру 100esim.el.kz сайтында 18 қазан - 10 қараша күні аралығында өткен болатын. Онлайн-дауыс беруге 302 кандидат ұсынылып, үміткерлер қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлінді. Яғни, ғылым саласында - 45, спортта - 42, қоғамда - 86, медицинада - 46, мәдениетте - 37 және бизнес саласында 46 адам «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткер ретінде тіркелген болатын. Дауыс беруге ұсынылған кандидаттар елдің барлық өңірлерін қамтыды.

Айта кетерлігі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыру нәтижесінде Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты тарихы мысалында табыстылық идеяларын, меритократия мен бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту арқылы қоғам санасын рухани жаңғырту көзделеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT