+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

2019 жылғы 13 желтоқсан 21:00
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz/ сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы үміткерлерге дауыс беру үшін «Праймериз» жүйесіне тіркелді Пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек - Елбасы Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

Шара барысында Елбасы барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- 1991 жылы 16 желтоқсанда арнайы заң қабылдап, бүкіл әлемге Қазақстанның тәуелсіздігін жарияладық. Біз елдігіміздің жаңа дәуірінің негізін қалап, куәгерлері болдық. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындау мәртебесі біздің буынға бұйырғанын мақтан тұтамын, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев басқа мемлекеттер ғасырлар бойы жүріп өткен үлкен жолды Қазақстан 28 жыл ішінде өткергенін атап өтті.

- Халықтың бірлігінің арқасында қуатты, тәуелсіз және гүлденген мемлекет құрдық. Осы жолда мен сіздердің әрқайсыларыңыздың, әрбір қазақстандықтың үлкен қолдауын сезіндім. Баршаңызға ризашылығымды білдіремін, - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы айтты.

- Тәуелсіздік жылдарында біз ашық және нарықтық экономика құрдық. Қазақстан экономиканың көлемі және инвестициялар тарту жағынан Орталық Азия өңірінде көш бастап келеді. Біз геосаяси әлеуетімізді құрлықтың шығысы мен батысын байланыстыратын көлік дәлізін құру арқылы іске асырдық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мемлекет тағдырына деген сенім пен жауапкершілік, халықтың ерік-жігері біздің ұлтымызды біріктіргенін атап өтті.

- Тәуелсіздік - халыққа қанат бітіретін құндылық. Мұндай баға жетпес байлық кез келген халыққа бұйыра бермейді. Оған қол жеткізген күннің өзінде де бәрі бірдей игілігін көре алмауы мүмкін. 1991 жылы біз қанатымызды кеңге жайып, жарқын болашаққа қадам бастық, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жас буынына арнайы үндеу жасады.

- Біз сендер жақсы өмір сүру үшін барлық жағдайды жасадық. Сондықтан тек қана алға ұмтылып, биік белестерді бағындырыңдар, асқар асуларға талпыныңдар. Ең бастысы – елімізде бірлік, бейбітшілік пен келісімді сақтай біліңдер. Бұл – біздің Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі және алдағы жеңістеріміздің кепілі, - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің отыз жыл бойы елдің жарқын болашағы үшін қызмет ету мәртебесіне ие болғанын мақтан тұтатынын айтты.

- Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін еселей түсу маңызды. Сондықтан барлығымыз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуымыз керек. Біздің ойымыз да бір, мұрат-мақсатымыз да ортақ. Ол – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Елбасы барша халықты тағы да Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT