Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының үлкен беделін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезінің қатысушыларына құттықтау лебізін жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан қоғамындағы кәсіподақ қозғалысының үлкен беделін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлер құқықтарын табысты қорғап, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті жақсартып келеді.
null 

Кәсіподақтар 2,8 млн қазақстандықтың жұмыс орнын сақтап қалуға ықпал еткен.

Сонымен бірге, съезге қатысушылары алдында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Талғат Өміржанов сөз сөйледі.
null 

Жалпы ҚР Кәсіподақтар федерациясы съезінің жұмысына Қазақстанның барлық өңірлеріндегі салалық кәсіподақ ұйымдары атынан 200-ден астам делегат қатысуда.

Соңғы жаңалықтар