Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанда мегаполистер саны артады

2019 жылғы 16 мамыр 12:16 596
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанда мегаполистер саны артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта қалалар маңызды рөл атқарады және экономикалық дамуда олардың ықпалы арта береді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан XII Астана экономикалық форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы «G-global диалогы - Үлкен Еуразия» платформасын құруды ұсынды Билік транзиті бейбіт жағдайда өтіп жатыр - Нұрсұлтан Назарбаев

«Адамдар қайда сапалы өмір сүруге болатыны жөнінде шешім қабылдап жатыр. Олардың бақуатты өмір сүруі даму нүктелеріне шоғырланады және бұл орындар мегаполиске айналады. Бүгінде Жер шары тұрғындарының 55% немесе 4 млрд адам қалада тұрады. 2020 жылға қарай, қала халқы екі есеге артуы мүмкін. Сонда әрбір 10 адамның жетеуі қалалық болмақ. Инвестициялар мемлекетке емес, қалаларға түседі. Бәсекелестік те қалалар арасында жүріп жатыр. Қазіргі уақытта әлемдік ЖІӨ 80% қалаларда түзіледі. Өнімділікті арттырып, инновацияларды көбірек енгізген урбанизация тұрақты өсімге де ықпал ете алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан қалаларының табысы - мемлекеттің әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуының негізгі факторы. Қазақстан да жалпыәлемдік урбанизация үрдісіне бет алды.

«Қазақстандағы урбанизация белсенді түрде жүргізіліп келеді. Қазақстан халқының 40% ауылдарда тұрады. Алайда олардың 20% қалада, 20% - ауылда жұмыс істейді. Бізде ірі қалалардың саны артып келеді. Ел астанасы 20 жылда 180 мың адам тұратын провинциалды қаладан миллиондық мегаполиске айналды. Алматы қаласының тұрғындары 2 млн асады. Өткен жылы миллиондық қалалар сапына Шымкент қаласы қосылды. Тағы екі қаланы осы қатарға қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін елордада XII Астана экономикалық форумы басталды. «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтіп жатқан форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда.

Форумға қатысатын шетелдік қонақтар қатарында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты сынды танымал тұлғалар бар.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT