+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қатынасқа баға берді

2019 жылғы 31 мамыр 18:56
Бөлісіңіз:
 Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қатынасқа баға берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Біз бірнеше рет кездестік. Сіз төраға болған кезде Еуропа одағы мен Қазақстан арасында кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Биыл осы құжатты ратификациялау рәсімі аяқталады. Жалпы, қарым-қатынасымыздың келешегі жарқын», - деді Елбасы.

Дональд Туск Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды қалыптастыру және өркендету, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделін нығайту ісіндегі рөлін атап өтті.

«Сіз осы өңірде ерекше және маңызды рөл атқарасыз. Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Сіздің билік транзитіне қатысты ойға қонымды әрі жауапты ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Менің ойымша бүкіл Еуропа осы қадамыңызға тәнті болды. Демократия жағдайында кімнің президент болатынын білу оңай емес. Бірақ, Сіз айқындаған бағытты жалғастыру үшін кандидатыңыздың толық мүмкіндігі бар», - деді Еуропалық кеңес төрағасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT