Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысындағы инвестициялық жобалармен танысты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Maker» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарағанды құю-машина жасау зауытына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті роботтандырылған заманауи құрылғылармен және автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған жаңа машина жасау зауытының өндірістік үдерісімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа облыстағы инвестициялық жобалардың іске асырылу жоспары баяндалды, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар, Елбасы кәсіпорын ұжымымен және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы экономиканы дамытудың заманауи үрдісіне сай дуалды білім берудің және кадрлар даярлаудың маңыздылығын айтты.

Соңында Қазақстан Президенті жас мамандарға жұмыста зор табысқа жетуге тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар