Нұрсұлтан Назарбаев Хорватияның экс-президентімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының бұрынғы президенті Степан Мессичпен кездесті. Бұл жөніндще Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Кездесуде Елбасы мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, алдағы президент сайлауына тәуелсіз бақылаушы ретінде келгені үшін алғыс айтты.

- Сайлауға бақылаушы ретінде келгеніңіз үшін рахмет. Сіз бұған дейінгі сайлау науқанына да қатысып, жұмысымызды жоғары бағалаған едіңіз. Сізге деген ризашылығым зор, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Соңғы жаңалықтар