Нұрсұлтан Назарбаев «Хиетаниеми» мемориалды кешеніне гүл дестесін қойды

None
None
  ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Финляндияға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хиетаниеми» мемориалды кешеніне гүл дестесін қою шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

Қаланың Тёёле ауданында орналасқан «Хиетаниеми» мемориалды кешенінің іргетасы 1829 жылы  қаланып, бүгінгі күнге дейін өмірден озған азаматтардың жер қойнына тапсыру орны саналады. «Хиетаниеми» сөзін фин тілінен аударғанда «құмды бұрым» деген мағына береді. Мемориалды кешен мұндай атауға Хельсинкидің орталығында орналасқан мүйісте болуына орай алып отыр. Кешенде лютеран, ислам, православ және еврей зираттары бар.

«Хиетаниемиде» 1939-1940, 1941-1944 және 1944-1945 жылдардағы соғыста  қаза тапқан жауынгерлердің зираттарын қамтитын әскери кешен де бар. Кешеннің дәл ортасында белгісіз жауынгер мен маршал Карл Маннергеймнің зираты орналасқан.

Бүгінге дейін мемориалды кешен аумағына Финляндияның 7 президенті, танымал суретшілер, композиторлар, жазушылар, саясаттанушылар жерленген.  

Айта кетейік, шет мемлекеттер басшыларының Хельсинкиге ресми сапар  барысында «Хиетаниеми» мемориалды кешеніне гүл дестесін қою шарасы өткізіліп тұрады.

Соңғы жаңалықтар