«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы сайланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Дәулет Хамзин сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Дәулет Ғазизұлы Хамзин 1973 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының магистратурасын «Экономика және болжау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы инженер-бағдарламашы ретінде бастады.

2006 жылдан бері азаматтық авиация саласында басқарушылық түрлі лауазымдарда қызмет атқарып келеді. Атап айтқанда, әр жылдары «Сары-Арқа әуежайы» АҚ президенті, «Scat авиакомпаниясы» АҚ дамыту бойынша вице-президенті, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2020 жылдан бастап елорда әуежайында Атқарушы директор, Коммерция департаментінің директоры ретінде еңбек етті. Биылғы жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Дәулет Хамзин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған. «Құрметті авиатор» төсбелгісінің иегері.


Соңғы жаңалықтар