Нұрсұлтан Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 17 қыркүйек күні өтетін Головкин мен Альварес жекпе-жегін тамашалайтын болады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Ақордада өтіп жатқан отандық және шетелдік журналистермен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай оқиғалар қазақстандықтардың басым бөлігін теледидар алдына жинайды. Бұл өте маңызды кездесу. Мексикалық Альварес - өте танымал адам, жоғары санаттағы боксшы», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бұл кездесуде отандасымыз Геннадий Головкиннің жеңіске жететіндігіне үміт артатындығын баса айтты.

«Ол орта салмақта кәсіби бокстың короліне айналып, Мұхамед Әли мен Майк Тайсонмен бір қатарда тұрады деп сенемін. Бұл ол үшін өте маңызды. Оған үлкен табыстар тілейік. Осы уақытта көршілерімізге сапарлайтындығыма қарамастан көремін. Барлығымыз да оған жанкүйер боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар