Нұрсұлтан Назарбаев фин компанияларын агроөнеркәсіптік кешен жобаларына қатысуға шақырды

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Фин компанияларын агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды белсенді жүзеге асыруға шақырамын. Бұл туралы бүгін Финлядияның бизнес капитандарымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда аграрлық секторға баса назар аударылатындығын, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

«Ол ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндірушілер мен қайта өңдеушілер үшін мемлекеттік қолдауды қарастырады. Аталған секторды дамытудың басымдығы - жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеп, экспорттау. Фин компанияларын агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды белсенді жүзеге асыруға шақырамын», - деді Қазақстан Президенті.



Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келді.

 Сапар аясында Елбасы фин бизнес капитандарымен кездесті.  

Жүздесу барысында Мемлекет басшысы Финляндиядан Қазақстан арқылы Қытайға жаңа темір жол бағдары ашылатындығын айтты. 

Ал ертең  Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар