Нұрсұлтан Назарбаев «Falcon Eurobus» ЖШС-ге барды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы зауыт жұмысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, үшінші буын саналатын электрлі автобустар жасау өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты.

Бұл жобаны іске асыруға 15 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Оған мемлекеттік қолдау арқылы Алматы қаласының әкімдігі тарапынан жер телімі бөлінген және 2 миллиард теңгеге сумен қамту және электр желілері тартылған.

Өнімділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды.

Соңғы жаңалықтар