Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамыту жоспарымен танысты

2019 жылғы 23 сәуір 18:48 809
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамыту жоспарымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақыт Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
Тұңғыш Президент кітапханасы «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасын іске қосты Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік державаларды тікелей диалогқа көшуге шақырды

Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту ісін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескере отырып жалғастыру қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды шешу және Ботаникалық саябақты дамыту мәселелеріне баса мән берілді.

 
Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамыту жоспарымен танысты

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT