Нұрсұлтан Назарбаев елордада бой көтерген жаңа мешітке барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін 380 мыңнан астам адам тұратын қаланың осы аймағында жаңа мешіт салу туралы ұсыныс айтылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады.

«Мешіт жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылды. Ғимарат классикалық ислам стилінде салынып, сырты және іші ұлттық ою-өрнекпен әрленген.

Мешіттің ауданы 2000 шаршы метрден асады», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар