+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде орын алған атышулы жемқорлық оқиғаларына тоқталды

2017 жылғы 17 наурыз 22:57
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев елімізде орын алған атышулы жемқорлық оқиғаларына тоқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналардан көрсетіліп жатқан республикалық БАҚ өкілдеріне сұхбаты барысында елімізде орын алған атышулы жемқорлық оқиғаларына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жап-жас, Болашақты бітірген министр өзінің жолдастарымен, достарымен жемқорлық топ құрып ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Таяуда ғана Геология комитетінде де анықталып отыр. Арнайы комитет құрған едік. Өйткені Қазақстанның жері қол тиместен жатыр. Ашылғандары, бұл шағын ғана бөлігі. Геологтар іздеу жұмыстарымен айналысуы тиіс, сол үшін комитет кұрған едік. Ал аталған комитет және оның басшылығы болашағы бар кен орындарын өздерінің таныстарына таратып бере бастаған. Біз мына жерде отырып, мұны қарамайды деп ешкім де ойламасын. Мемлекеттік қызметшілерді бақылайтын көз көп. Адамдар, нанын құрдан бос жеп отырмаған құқық қорғау органдары қарап отыр», - деді ҚР Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы ұрланған қаржының барлығы мемлекетке қайтарылып, бұзушылықтарға жол бергендердің барлығы жазаланатындығын баса айтты. Сонымен бірге мұндай зұлымдықпен бірлесе күресу қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет те ұрлықпен, парақорлықпен бірлесе күреседі. Мәселен, Сингапурда мынадай тәртіп бар: егер бір бөлімде 10 адам жұмыс істеп, оның бірінің біреуден бір нәрсе алуға ниеті болса, онда оны білгені айтуы тиіс. Егер ол мұны жасамаса, жазаға тартылады. Бірақ, бұл біз үшін ең соңғы шара», - деді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT