+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев: Домбыраның әуенін қазақ қана түсіне алады

2018 жылғы 28 маусым 19:30
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев: Домбыраның әуенін  қазақ қана түсіне алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев домбыра мен қазақ әндері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Домбыра қазақтың жан дүниесімен байланысты. Күйді, домбыраның әуенін, сазын мұрнына жусан иісі барған әрі Ұлы дала төсінде өмірге келген қазақ қана түсіне алады. Себебі бұл ерекше музыка адамның жан дүниесін көрсетеді, яғни мұңды немесе қуанышты, ойды ашық байқатады. Кешкілік домбыраны шертіп отырған кезде, барлығы ұмытылады. Маған бұл әсер ұнайды, сондай-ақ домбырада жақсы ойнайтын адамдарға құрметпен қараймын. Біздің қазақ халық әндері мен жырлары адамның жан-сезімін толқытады, оларда философиялық мазмұн бар. Қазақ әндері мен жырларында музыкаға емес, ондағы сөздерге мән беру керек. Бұл сөздердің мәні өте тереңде жатыр және олардың үлкен маңызы бар», - деді Мемлекет басшысы Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында жарияланған бейнероликте.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT