+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев: Цукуба университетінің құрметті докторы атану - зор мәртебе

2019 жылғы 23 қазан 11:46
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев: Цукуба университетінің құрметті докторы атану - зор мәртебе

ТОКИО. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Цукуба университетінің құрметті докторы атануын зор мәртебе санайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір үлкен қала бой көтереді: Нұрсұлтан Назарбаев жаңарған Түркістанды аралады Елбасы отандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысымен танысты

«Жапонияның жетекші оқу орындарының бірі - Цукуба университетінің құрметті докторы атанғаныма қуаныштымын. Сіздердің университет әлемдік деңгейдегі білім беру және зерттеу орталығы саналады. Өзінің терең тарихымен де танымал. Цукубаның Нобель сыйлығы иегерлерін оқытып шығарған жапондық жоғары оқу орындары қатарына кіруінің өзі зор құрметке лайық. Университеттің үш түлегі 1965 және 1973 жылдары - физикадан, 2000 жылы - химиядан Нобель сыйлығын алды», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Цукуба университеті қазақстандықтар арасында да зор сұранысқа ие екенін, 105 адам диплом алғанын айтты. Оның басым бөлігі тәуелсіздіктің елең-алаңында жарияланған «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алғанын еске салды.

«2016 жылы Жапонияға сапар барысында Токай университетінің құрметті докторы атанған едім. Жапонияның лайықты әрі бай дәстүрі бар ғылыми-зерттеу орталықтарының қадір тұтуы - мен үшін үлкен мәртебе және бұл Қазақстанның барша халқына деген құрметтің белгісі. Өз тарапымнан еліміздің жастар саясатына және білімді дамытуға барлық уақытта айрықша мән бердім. Менің бастамаммен мыңдаған жас қазақстандық «Болашақ» бағдарламасы арқылы мемлекет есебінен әлемнің үздік университеттерінде білім алды», - деді Елбасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Цукуба университетінің президенті Кёсукэ Нагата Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа аталған университеттің құрметті докторы куәлігін табыс еткен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT