Нұрсұлтан Назарбаев: Бүкіл өмірімді Қазақстанның тәуелсіздігіне арнадым

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде бүкіл өмірін Қазақстанның тәуелсіздігіне арнағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің қазіргі заманда ғалымдар, сарапшылар «барлығын білеміз, бәрін де игереміз» деп ойлайды. Бірақ ешкім осындай вирус келеді деп ойлаған жоқ. Бір жерден шықты – ол енді табиғаттың құбылысы. Әлі де ондайлар болуы мүмкін. Сондықтан адам бәрін игерді, барлығын білді деп айтуға болмайды. Жастарға сөзімді ылғи айтып келем. Қазіргі айтарым, мен бүкіл өмірімді Қазақстанның тәуелсіздігіне сарп етіп келе жатырмын. Кеңес өкіметі кезінде 5 жыл Қазақстанның үкіметін басқардым. 30 жыл Президент болдым. 35 жыл бойы тынбай, күндіз-түні осы жұмысты істеп келе жатырмыз. Еліміздің, қазақтың, ата-бабамыздың арманы – тәуелсіздік. Қолымызға келді. Ол болмаса түк болмайды. Ол болмаса тағы да бодан боламыз. Ол болмаса біздің тіліміз, дініміз болмайды. Ол болмаса бізді басқалар басқарады», - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл сөзі насихат емес, шынымен жадынан, жанынан айтып отырғанын атап өтті.
«Жалпы қанша айтсақ та қазақ деген басқалармен салыстырғанда ат төбеліндей халықпыз. Екі жағымызда екі алып мемлекет тұр. Бір жарым миллиардтық Қытай мына жағымызда, Ресей мына жағымызда. Олардың саясаты болашақта қалай болады? Мен енді қолымнан келгенше шекараны шегендеп, барлық төңірекпен достық қарым-қатынас жасадым. Қазақстанның жауы жоқ қазір. Ал заман өзгереді, ел мен жұрт өзгереді. Не болады? Сол тәуелсіздігімізді көре алмай, қазірдің өзінде көз тігіп отырғандар бар. Себебі біз экономика, реформа жағынан түп-төңірегімізден озып кеттік. Әрине, оның бәріне қызғанышпен қарайды. Сондықтан Тәуелсіздігімізді сақтап қалуымыз керек», - деді ол.
- Волонтерлер жылы ШҚО еріктілері қандай жұмыс атқарды
- 2020 жылы жаңа көліктер арасында ең көп сатылған брендтер белгілі болды
- Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Алименттен қашқан әке 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді - Қостанай
-
Алматы метросына жаңа басшы келді
-
Атырау облысында 1500 ата-ана түнгі уақытта балалары қараусыз жүргені үшін жазаланған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам