+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейінгі Жолдаудың орындалмай қалған міндетін атады

2018 жылғы 5 қазан 12:12
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейінгі Жолдаудың орындалмай қалған міндетін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында Астанада заманауи онкологиялық орталықты салу мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі жылдан бастап Астанада ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысына кірісу керек. Мен екі жыл бойы осыны қайта-қайта айттым. Үстелдің үстінен бір қойып, тапсырма бермесем, біреудің де қимылдайтын түрі жоқ. Биыл фундаментті құйып тастаңдар. Оның ішінде ең заманауи технологиялар болсын», - деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, жаңа онкологиялық орталықта томотерапия, протонотерапия, кибер-пышақ, адам иммунитетін күшейту технологиясы болуы қажет. «Қазір бізде жүректің барлық операциялары жасалады. Енді, осы салаға да жаңа технологияларды енгізіп, жоғары жетістіктерге жетуіміз керек. Соның арқасында мыңдаған адамның өмірін сақтап қаламыз», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент ұлттық онкологиялық орталықты салуды бұған дейін де тапсырған болатын.

Н.Назарбаев биылғы Жолдауында алдағы бес жылда білімге, ғылымға және денсаулық сақтау салаларына шығыстарды қаржыландырудың барлық көздерінен Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін жеткізуді тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT