Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы маңызды сапарларын атады

None
None
ЦИНДАО. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың жартысы аяқталып келеді. Көпшіліктеріңізбен бірнеше елге сапарлас болдық. Ең біріншісі қаңтардағы Америка Құрама Штаттарына сапар естеріңізде болар. Сол жердегі үлкен бизнесмендермен кездесіп, 9 млрд долларға жақын қаражатқа екі елдің арасында келісімге қол қойылды. Іле-шала олардың көптеген бизнесмені Қазақстанға келіп, біздің іс адамдармен кездесіп, тағы да ынтымақтастықты жалғастырды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
null 

Мемлекет басшысы екінші маңызды сапары Ресейге жасалғанын атап өтті.
null 

«Екі арадағы көп мәселелерге келістік. Әсіресе, Байқоңырға Қазақстанның қатынасуы болды. Байқоңырдың бір бөлігінде «Бәйтерек» деген бағдарламаны іске асырып, 2022 жылдан басап тисті зымыран іске қосылады. Қазақстанда жер серігін жасайтын зауыт салынып жатыр. Ресейдің басына түсіп отырған үлкен қиыншылыққа байланысты батыстың көптеген компаниясы Қазақстан арқылы жұмыс істеуден үмітті. Бізге де ол пайдалы», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев үшіншісі Қытайға мемлекеттік сапары және Циндаодағы ШЫҰ самитіне қатысу болғанын айтты.null  

«Енді мінекей, Қытайға келіп отырмыз. Бұл елмен тәуелсіздік алғанға дейін ешқандай қарым-қатынасымыз болған емес. Керісінше, кезінде КСРО мен Қытай арасындағы жағдай шиеленісіп, екі арадағы шекарада адамдар өлген еді. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейін, әсіресе соңғы 20 жылдың ішінде екі елдің арасындағы қарым-қатынас жақсара түсті», - деді Елбасы.

Фото: akorda.kz

Соңғы жаңалықтар