Нұрсұлтан Назарбаев: Бір дипломды пайдаға жарата алмасаң, 4 дипломның қажеті қанша

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолға алған істің xас шебері болудың маңыздылығын жеткізді. Осы орайда Мемлекет басшысы АҚШ-тың президенті болған Кеннеди әулетінің бала тәрбиелеу дәстүрін еске алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеннеди әулетінде төрт ұл бала болды. Сонда күнде таңғы астың үстінде отырғанда әкелері маңызды бір мәселені айтып отыратын. Болашақта кім болатындарың маңызды емес. Шопыр ма, тракторшы ма, машинист па, жүк тасушы ма, ең бастысы, бастаған істің шыңына жете білу керек. Адамның өмірі тым қысқа. Бір ғана нәрсені аяғына дейін жеткізуге уақыт бар. Ал барлық мамандықтарға жабыса берсең, ештеңе шықпайды», - деді Н.Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесу кезінде. null

Президенттің айтуынша, адам үздік тігінші немесе үздік аспаз деңгейіне жетсе, оның тұрмысы екі-үш институтты бітіргендерден де жоғары болады.

«Ашығын айту керек, бірнеше институтты бітірген адамдар келіп, төрт дипломдарын көрсетеді. Сонда бір дипломды пайдаға жарата алмасаң, төрт дипломның қажеті қанша. Онымен мақтануға бола ма?», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесуі өтіп жатыр. Олардың ішінде 29 жастағы Ержан Сәлімгереев те бар. Ол үшінші сыныпта оқып жүргенде трансформатордың ішіне кіріп, тоққа түсіп қалды. Сол кезде бір қол және бір аяғымнан айырылды. Бірақ қиыншылыққа мойымай, xалықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы дәрежесіне дейін жетті. Мемлекет басшысы табысқа жетудің жолын айтты.

Соңғы жаңалықтар