Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге келді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай астанасы Бейжіңге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» ІІ Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Бейжіңге келді», делінген министрліктің Телеграмдағы парақшасында.

Еске сала кетсек, 22 сәуірде Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысуға шақыруын ризашылықпен қабыл алғанын мәлім еткен еді.

null

Соңғы жаңалықтар