Нұрсұлтан Назарбаев бала кезінде қалай табыс тапқанын айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті бала кезінде қалай табыс тапқаны туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бақта туған адаммын. Менің әкем бағбаншы болған кісі. Біздің үйдің айналасында 25 сотық жер болды. Сол уақытта ол айтарлықтай ауқымды алаң болатын. Сол аумақтың бәрінде алма жайқалып өсіп тұратын. Ол мені баулып, «мұнда алма», «мұнда алмұрт» деп көрсетіп жүретін», - деген Президенттің шағын әңгімесі Ақорданың Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

Президенттің айтуынша, ол алманы баптауды бала кезден үйренген.

«Мен осы бақта өстім. Алманы баптап өсіруді, оны әрдайым түптеп, уақытында суаруды, әрбір алманы жұлған кезде шаңын түсірмей қоймаға салып қоюды үйрендім. Сол алманы көктемде Алматыда сататын едік. Бұл біздің отбасымыздың табысы болатын», - дейді Елбасы.

A post shared by AkordaPress (@akordapress) on Jul 3, 2018 at 8:21am PDT

Соңғы жаңалықтар