+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-ның Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті

2020 жылғы 3 маусым 20:32
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-ның Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының тұсауы кесілді Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасына арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты Путин, Мирзиёев, Испания королі, Монако князі және тағы басқалар Елбасыны құттықтады

Кездесуде Елбасы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Мұхаммед аль-Джаберге алғысын білдірді.

– Сіз біздің елде үш жарым жыл қызмет еттіңіз. Осы уақытта Қазақстан мен БАӘ қатынасы едәуір нығая түсті. Атап айтқанда, мемлекеттер арасында визасыз режим енгізілді. Сізді Қазақстанның сенімді досы деп білемін. Алдағы уақытта да жақсы қарым-қатынаста боламыз деген сенімдемін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Мұхаммед әл-Джабер Елбасыға және барша Қазақстан халқына қонақжайлық көрсетіп, жемісті ынтымақтастық пен екі ел арасындағы қатынастарды дамытуда жан-жақты көмек бергені үшін алғыс айтты.

– Маған бауырлас Қазақстан Республикасында елші болу мәртебесі бұйырды. Сіз бен БАӘ басшылығы арасында достық қарым-қатынас орнаған. Менің Қазақстанға және оның халқына деген ықыласым ерекше. Елден жарқын және ұмытылмас әсер алдым. Дипломатиялық қызметтегі алғашқы лауазымымда «Қазақстан мектебінен» өткенімді мақтан тұтамын, - деді БАӘ елшісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT