+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды

2019 жылғы 27 ақпан 11:47
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019-2021 жылдарды ауылды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ауылдарды өсім нүктелеріне айналдыруымыз керек Әрбір ауылда қандай да бір жұмыс орнын ашу керек. Ол үшін микронесиелер бар. Жұмыс берсек тұрғындар ауылда қалады. Бізде бірінші мамандықты тегін оқыту жүйесі, Жол картасы бар. Мүмкіндіктер мол. Тек нақты жұмыс істеу керек. Баспана мен жол салып, әлеуметтік нысандарды тұрғызып, ШОБ-ты дамыту керек. Ауылда өзінің әлеуеті бар. Өңдеу өнеркәсібін ол үшін дамыту керек. Елімізде үлгілі ауылдар жетерлік», - деді Президент.

Осыған байланысты Президент Үкіметке «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды.

«Сонымен бірге, ұсыныстармен бірге осы бағытта қаржыландыру бойынша 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Осы жастарды ауылда ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтуде. Съезд күн тәртібінде бірнеше мәселені қарастыру көзделген. Атап айтқанда, алдымен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы мәселе қозғалады. Одан кейін партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып, партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есепті кезең бойынша жұмысының қорытындылары шығарылады. Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланатын болады.

Съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысуда. Олардың 1200-і еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттар, ал қалған 800-ге жуығы - қонақтар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT