Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды ауысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда Орталық Азия елдері әуе компаниялары басшыларының жиыны өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынға Орталық Азия (ОА) елдерінің әуе компаниялары басшыларының, соның ішінде Air Astana, QAZAQ Air және SCAT (Қазақстан), AviaTraffic (Қырғызстан), Somon Air (Тәжікстан) және AZAL (Әзербайжан), сондай-ақ ИАТА (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) өкілдері қатысты.

Жиында ТМД елдерінде алғаш рет енгізілген «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құру арқылы саланы реттеудің жаңа тәсілін таныстырды, оған ИАТА өкілдері мен авиациялық сарапшылар оң баға беріп, Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында бірінші болып осындай тәсілді іске асыратынын атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуі өтті. Кездесуде 2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежай кодының ауысуы расталды. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілуде.

Отырыс барысында әуе компаниялар қауіпсіздік авиациялық қауымдастық үшін маңызды басымдық болып табылатынына және қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне жету үшін бірлескен күш-жігер қажет екендігіне баса назар аударылды.

Бұдан басқа, авиациялық қоғамдастық пен Еуропалық Одақтың биліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту ең үздік тәжірибе мен білімді пайдалана отырып, коммуникацияны жақсартуға және авиацияда жалпы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар