+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея - еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы

2019 жылғы 29 сәуір 15:42
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея - еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ассамблея еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Көп этносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналады. Бүгінде құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып отыр», - деп тоқталды Елбасы.

Н. Назарбаевтың атап өтуінше, жаһандық әлем көз алдымызда қуатты трансформацияны бастан өткеруде.

Бүгінде экономика, қоғам өмірі, технологиялар түбегейлі өзгеріске ұшырағанына тоқталған Тұңғыш Президент, «Біз осы жаңашылдықтарды қабылдаудамыз, көбіне үйренудеміз, сондай-ақ басым бөлігін меңгердік», - деді.

Осы орайда Елбасы бұл әлемдегі қоғамның бірлігі, ұлтаралық келісім секілді тұрақты әрі маңызды құндылықтар бар екенін қадап айтты.

«Дәл осы аса маңызды фактор болашақ әлемде біздің бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT