Нұрсұлтан Назарбаев Армения Премьер-министрімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың және нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан мен Армения арасында әрдайым жақсы қарым-қатынас болды. Қазақстандағы Армян диаспорасы елдеріміздің қарым-қатынасына дәнекер болып отыр», - деді Елбасы.

Никол Пашинян Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мемлекетаралық байланыстарды және құрлықтағы интеграциялық үдерістерді дамыту ісіне ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Арменияның Премьер-министрі екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

«Экономика саласында жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Ең бастысы, екі ел үкіметтерінде қарым-қатынасымызды дамытуға деген саяси ерік-жігер бар. Біздің халықтарымыз тарихи тұрғыдан өзара байланысқан», - деді Н.Пашинян.

Соңғы жаңалықтар