Нұрсұлтан Назарбаев: Алматы туристік кластерін дамыту 90 мың қала тұрғынын жұмыспен қамтиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының туристік кластерін дамыту 90 мың тұрғынды жұмыспен қамтиды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Алматы арена» мұз сарайының ашылуында айтты.

«Алматының туристік кластерін дамыту 90 мың тұрғынды жұмыспен қамтиды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы балама экономиканы құру үшін елде индустриалды-инновациялық бағдарлама жүзеге асып жатқанын айтты.

«Нұрлы жол - елімізді алға сүйрейтін инфрақұрылымдық бағдарлама. 7 мың шақырымдық автомобиль жолы салынады», - деп нақтылады Елбасы.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда алып шаһардың 1000 жылдығы мен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «»Алматының 25 шыңы» салтанатты шарасы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар