Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесуде өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Облыс орталығы Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына ерекше назар аударылды.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Павловпен өткен кездесуде тараптар еліміздің банк секторындағы қазіргі ахуалды және осы саланы одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның қаржы нарығының өзекті мәселелерін талқылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Орталық Азия Электрэнергетика корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебановпен кездесу барысында электр-жылу энергиясын өндіру нарығын дамытудың және еліміздің өңірлерін энергиямен жабдықтау ісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне баса мән берді. Тараптар, сондай-ақ, энергиямен жабдықтау саласындағы тариф саясатын іске асырудың қазіргі үдерісін талқылады.

Соңғы жаңалықтар