Нұрсұлтан Назарбаев - әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік қоғам қайраткері Сатыбалды Ибрагимов Нұрсұлтан Назарбаевты әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға санайды. Оның пікірінше, Елбасы заман тынысын тап басып таниды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бабалар армандаған ізгі үмітті жалғап, халықтың ел болудың алдындағы жүз күдігін сейілту, Тәуелсіздіктің жарқын бейнесін қалыптастырудағы Елбасының еңбегі ұшан теңіз. Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз да айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалайды», - дейді қоғам қайраткері.

Сатыбалды Ибрагимовтың айтуынша, Қазақстан халқы үшін Нұрсұлтан Әбішұлы -Түріктердің Ататүркі, Қытайдың Мао Цзедуны, орыстардың І Петр, Америка жұртшылығының Рузвельті, еврей ұлтының Бен Гурионы, сингапур халқының Ли куан Ю және Түркі әлемінің абызы іспетті.

«Біз Назарбаев басқарған мемлекетте өмір сүріп, жұмыс жасағанымызды әрдайым мақтан тұтуымыз керек. Оның айқын дәлелі - Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаhан жұртшылығы зерделеп, Назарбаев моделі деп баға берді. Бүгінде Қазақстан хылқының алдында үлкен міндеттер тұр, алайда кемеңгер басшы халқына қызмет етуден шаршаған емес. Сондықтан ол елдегі жетекші «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде еліне қызмет ете бермек. Бұл Елбасының жүрек соғысы халықының тынсынан бөлек еместігін көрсетеді»,- дейді Сатыбалды Ибрагимов.

Соңғы жаңалықтар