Нұрсұлтан Назарбаев әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның жаһандық рөлін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның жаһандық рөлін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көршілес әлемдегі ірі мемлекеттермен, ең алдымен Ресей және Қытаймен, сонымен қатар Орталық Азия елдерімен тату көршілік белдеу құрылды. АҚШ, Түркия, Еуропалық одақ, Еуропа елдерімен, Шығыспен, Иран, Жапония,Оңтүстік Корея әрі Азияның өзге де мемлекеттерімен сындарлы ынтымақтастық жолға қойылған. Әлемдегі қуаты жағынан 4-орын алатын ядролық арсеналдан бас тартқанымыз, Қазақстан аумағында 49 жыл бойы жұмыс істеген ғаламшардағы ең ірі полигондардың бірі –Семей ядролық полигонын жапқанымыз өздеріңізге де белгілі», - деді Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің қамқорлығымен төмен байытылған уран банкі салынғанын атап өтті.

«Бұл банк кез келген елге бейбіт атом энергетикасын дамытуға деген өзінің заңды құқығын қамтамасыз етеді. Өңірдегі көршілермен бірге бізде Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құрылған. «Ядролық қарусыз әлем үшін» және «Жаһандық қауіпсіздік үшін» сыйлықтарын бекіттім. Бұл сыйлықтарды жеңімпаздарға екі мәрте табыстау мәртебесіне ие болдым. Мәні жағынан маңызды осынау қадамдарды жасау арқылы Қазақстан шын мәнінде жаппай қырып-жоятын ядролық қарусыз әлем құру жаһандық қозғалысын бастады», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.


Соңғы жаңалықтар