Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапарын қорытындылады

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Бүгін Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарын қорытындылап, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бұл елге ресми сапармен келдім. Біздің өңірден келген бірінші президент болдым. Меніңше, келіссөздеріміз өте жақсы, жоғары деңгейде өтті. Көп мәселе жөнінде әңгімелесіп, ортақ тіл табыстық. Бізге қолдау көрсететін болды, ол аса қажет. Әрине, Америка Құрама Штаттары дүниедегі экономикасы, әскери қуаты жағынан ең алып мемлекеттердің бірі», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстанды Тәуелсіздік алған күннен бастап қолдап келе жатқанын баса айтты. Сонымен қатар екі елдің арасындағы экономикалық байланыстарға да тоқталды.

«Бізге америкалық компаниялар 50 млрд доллардан астам инвестиция құйды. Ары да жүзеге асырар жобалары баршылық. 550 бірлескен өндіріс жұмыс істейді. Америкалық іскер топ өкілдері біздің іскер адамдарымызбен дөңгелек үстел басында кездескенде 20-дан астам келісімшарттарға қол қойды. 7,5 млрд доллардың жобасын бірлесіп жүзеге асыратын болды», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Трамппен екеуара кездесуі барысында өңірлік және халықаралық саясат мәселелері де қозғалғанын айтты. Оның ішінде Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің Америкамен ынтымақтастығының С5+1 жобасы жайы, Ауғанстан мәселесі, Америка мен Ресей арасындағы жағдай, Украина. Солтүстік Корея, Сирия. Иран мәселелері қозғалғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар